$ 448.81  476.82  4.77

Ата заңды жатқа білген жастарға мемлекеттік грант беріледі

Ата заңды жатқа білсең, мемлекеттік білім грантына ие боласың! Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен биыл «Конституцияны жатқа білемін» атты ерекше байқау жарияланды.

Конкурсқа қатысамын деуші жастар мемлекеттілігіміз бен азаматтардың құқығының кепілі Конституцияны жатқа білуі шарт. Байқауға еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Үміткерлерге тамыз айының 20-сына дейін тіркелуге мүмкіндік беріліп отыр. Еліміздің басты құжатын жатқа айтатын азаматтарды тегін білім гранттары мен ерекше сыйлықтар күтіп тұр. Байқау нәтижесі 30 тамыз, яғни, ҚР Конституциясы мерекесі қарсаңында қорытындыланатын болады, деп жазады 24.kz.

«Атырау мемлекеттік университетінің, сондай-ақ Атыраудағы бірқатар белді-белді колледждің білім грантына ие болады. Сонымен қатар кәсіби спорттық командалардың бір жылдық, бір маусымдық ойындарына тегін билеттерді сыйға тартатын боламыз. Қазіргі уақытта бұл конкурс жастардың арасында көп қызығушылық тудырып жатыр», – дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары