20.08.2018, 03:46

Ақмола облысында бұршақ жауды

Әлеуметтік желі қолданушылары Аршалы ауданында электр сымдарын үзіп, елді мекендерді жарықсыз қалдырған ірі бұршақтың суретін жариялап жатыр деп жазады Sputniknews.kz

Табиғаттың дүлей күші үй іргесіндегі телімдердегі егінді жапырып кетті. 

Бурабай курортында да найзағай ойнап, нөсер жауын жауды. Өңірде температура +12-ге дейін төмендеді.

Синоптиктер бүгін, 20 тамыз күні табиғат апаты болуы мүмкін екенін ескертеді. 

Көрші Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы бұзылды. Мұнда жексенбіден бері дауылды ескерту жарияланған, жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.