20.08.2018, 04:31

Алматының орталығындағы жекеменшік үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Жексенбіде, 19 тамызда кешкі уақытта Алматының Марков пен Попов көшелерінің қиылысында (Бостандық ауданы) жекеменшік үй өртенді деп жазады Tengrinews.kz .

Куәгерлер өртті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. 

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, тұрғындары жоқ бір қабатты үйдің шатыры өртенген. Өрт аумағы - 100 шаршы метр.

«Өрт 20:30-да ауыздықталып, 20:40-та толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 18 маман мен 4 арнайы техника жұмылдырылған», - делінген хабарламада.