Қамысты ауданында 46 жастағы әйел 50-дегі танысымен бірге отырып алкогольдік ішімдік ішкен деп жазады alau.kz.
«Күтпеген жерде екеуінің арасында жанжал туады. 46 жастағы күдікті 50-дегі танысына пышақ жарақатын салған. Ер адам оқиға орнында көз жұмады», – деп жазады Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды.