Айналасы 10 күн ішінде 40 пайызға дейін құнсызданған түрік лирасы өткен апта қайта нығая бастады. Ердоған ұлттық валютаны көтеру үшін Катар орталық банктерімен валюта айырбастау бойынша Доха қаласында екіжақты келісімге қол қойды деп жазады Анадолы басылымы.
Құжатқа Реджеп Тайып Ердоған, Мурат Четинкая және Катар орталық банкінің президенті Абдулла бин Сауд Аль-Тани қол қойды. Енді Катар Түркияға 15 миллиард доллар инвестициялайтын болады.
Олар бұндай қадамға қаржы тұрақтылығын қоладу мақсатында барып отыр.