Жаңалықтар 21.08.2018 сағат 05:41

Алматыда той кортежі жүргізушілеріне айыппұл салынды

Алматыда той кортежі жүргізушілеріне айыппұл салынды деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Шамамен сағат 17.00-де кезекшіден әл-Фараби даңғылында шығыс бағытта жол қозғалысы ережелерін бұзған той кортежі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл мәлімет патрульдік полицейлерге жолданды. Нәтижесінде кортеж қатысушылары ұсталды» , - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Тоғыз жүрізушіге қатысты 13 әкімшілік хаттама толтырылған.

Полицейлердің мәліметінше, кортежде Mercedes, Rolls Royce пен BMW көліктері болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар