05.08.2015, 11:08

35 жастағы әйел бірден бес ұлды дүниеге әкелді

http://www.azattyq.org/

Ауғанстанның Саманған уәлаятында Резагүл есімді 35 жастағы әйел бірден бес ұл бала босанды.

Азаттықтың Ауған редакциясына Балх уәлаятының аймақтық ауруханасы бас дәрігерінің хабарлауынша, сәбилердің салмағы аз болғанына қарамастан, ана мен сәбилерінің жағдайы қалыпты. Бірақ дәрігер бірнеше бала қатар туғанда салмақ аздық қалыпты жайт екенін айтады.

Бас дәрігердің сөзінше, 35 жастағы әйел бес баласын өткен аптаның соңында Саманған уәлаятының Хазрат Сұлтан аудандық ауруханасында босанған. Жақсы күтім жасау үшін кейін оны бұл жерден Балх уәлаятындағы аймақтық ауруханаға жеткізген.

Үй шаруасындағы Резагүлдің отбасында тағы бір ұл мен бір қызы бар.