$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысындағы вахталық кентте 3 адам мерт болды

Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Теңіз вахталық кентінде өрт шығып, үш адам қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы оқиға 20 тамыз күні Теңіз мұнай кен орнына таяу жердегі Теңіз вахталық кентінде болды. Әлдеқашан жабылып, қараусыз қалған жатақхана өртке оранды. Ол белгілі бір ЖШС-ға тиесілі болған. Тілсіз жаудан Жылыой ауданының екі тұрғыны мен Қызылқоға ауданының бір тұрғыны қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның барысында өрттің шығу себебі, қаза тапқан адамдардың дәл сол уақытта неліктен иесіз қалған жатақханада жүргені анықталатын болады», - деді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары