21.08.2018, 10:21

Қазақстан Азия ойындарынан тағы бір медаль алды

Азия ойындарының эмблемасы.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Кирилл Казанцев велоспорттың маунтинбайк түрінен қола медаль иеленді. Бұл - Қазақстанның маунтинбайк спортынан Азия ойындарында алған алғашқы медалі деп жазады Азаттық.

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, екі күміс, төрт қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алған.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.