Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарында қазақстандықтар 12 медальге қол жеткізді.
Балуан Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресіннен 60 келі салмақ дәрежесінде үздік ойын көрсетіп, «қола» иеленді деп жазады Sports.kz.
Сонымен 21 тамызда Қазақстанның қоржыны алты медальға байыды: екі «күміс» және төрт «қола».
Күміс жүлдені қанжығасына байлағандар – су полосынан әйелдер құрамасы және тхэквондист қыз Кансель Дениз, қола жүлдегерлер – тхэквондист Руслан Жапаров, маунтинбайкер Кирилл Казанцев, күресшілер Эльмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов.
Ұлттық олимпиада комитетінің сайты хабарлағандай, бүгін 22 тамызда Қазақстан құрамасы тағы бірнеше спорт түрінен жүлдеге таласады. Сонымен, суға жүзу жарыстарынан олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин бағын сынайды.
Дереккөз: Sputniknews.kz