$ 443.44  480.51  4.88

Алматы облысында автобус аударылып кетті (ВИДЕО)

Алматы облысында жолда автобус аударылып кетті деп жазады NUR.KZ. Осынау сәтті куәгерлердің бірі телефон камерасына түсіріп алған.

Оқиға бүгін сағат 11.00-де Түймебаев ауылында Ащыбұлақ-Көкқайнар-Батыр тас жолында болған.

«Осыдан кейін жергілікті басшылық, ең бірінші кезекте облыс әкімі Батталов мырза жол проблемасын қолға алатын шығар. Қаншама рет айтылды, бірақ үнемі қолдарын сілтейді. Жолда шұңқыр көп, жүре алмайсың», – дейді камера сыртында сөйлеген әйел.

Бейнежазбада жол апатынан жарақат алған екі адам анық көрінеді. Ал куәгер әйелдің айтуынша, жарақаттанғандар саны көп екен.

Қазіргі кезде жол апатына байланысты мән-жай анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары