Маңғыстау облысында жаппай төбелес кезінде ауыл тұрғынын атып кеткен деп жазады lada.kz.
Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында жаппай төбелеске қатысқандардың бірі оққа ұшқан болатын. Қайғылы оқиға 9 тамызда болды.
«Төбелес кезінде атыс қаруымен адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 293 және 287-баптары тұрғысында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 11 адам тұтқындалды», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД-ті ведомствоның баспасөз қызметі.