$ 498.34  519.72  4.85

Астанада әйел шетелдік елшінің әмиянын ұрлап кетті

Елордалық полицейлер шетелдік елшінің қалтасындағы әмиянын ұрлап алған Алматы облысының тумасын ұстады деп жазады bnews.kz.

Бұл оқиға Астанадағы «Керуен» сауда орталығында болған.

«Астана қалалық ІІД-нің өкілдері бұрын сотталған Алматы облысының тұрғынын қамауға алды. Ол 17 тамызда «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік елшінің күртешесінің қалтасынан әмиянын ұрлап алған», – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев бүгін өткен брифингте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары