22.08.2018, 12:08

«Мен ол кезде демалыста едім»: Алматы қаласы ІІД-нің басшысы Денис Теннің ісі жайында айтты

Алматы қаласы ІІД басшысы Серік Күдебаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін айтылған шаһардағы қауіпсіздік туралы сынға пікірін білдірді деп жазады Tengrinews.kz. 

«Алматыда бес жыл бұрын әрбір 10-шы қылмыс ашылса, қазір әрбір 3-шісі ашылады. Яғни статистика бойынша нәтиже үш есе жақсарған. Денис Теннің оқиғасы бойынша ештеңе айта алмаймын, бұл біздің жұмыстағы кемшілік. Мен еңбек демалысында болғанмын, келгеннен кейін тәулік ішіде қылмыскерлерді ұстадық. Біздің жұмыстың бір қағидаты - қылмысты ашу. Алматы - керемет мегаполис және ол қауіпсіз деп есептеймін. Менің ойымша, тұрғындардың қауіпсіздігі қанағаттанарлық деңгейді», - деді қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев.