22.08.2018, 12:21

«Қазгидромет» Астанада тағы да нөсерлі жауын жауады деп болжауда

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде Астанада ауа температурасының төмендейтіні және жауын жауатыны туралы хабарлады.

23 тамызда елордада көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12м/с-ды құрайды. Температура түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

24 тамызда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14м/с, күндіз 15-20м/с жетеді. Температура түнде +14+16°С, күндіз +18+20°С.

25 тамызда көшпелі бұлт шығып, кей кезде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14м/с, күндіз 15-20м/с жетеді. Температура түнде  +8+10°С, күндіз +12+14°С.