$ 478.96  533.03  5.22

Алматылық ер азамат қарызын қайтаруға шығып кетіп із-түссіз жоғалып кетті

Алматының 24 жастағы тұрғыны Зинур Хамитов 100 мың теңге қарызын қайтарып алу үшін үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмады. Бұл туралы жігіттің анасы Альфия Хамитова Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Оның айтуынша, ер азамат 23 тамыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында үйден шығып кеткен. Ақшаны әріптесі қайтарып беремін деп шақырған екен.

"Зинур мен оның әріптесі су тасымалдаумен айналысатын компанияда жұмыс істейді. Менің ұлым - экспедитор, ол аталған компанияда бір айдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ал, әріптесі болса жүргізуші. Ол қаржы жағынан қиналып, ұлымнан қарыз сұрапты, Зинур мейірімді адам, қолын қайтармай бере салған. Қарызын ол 23 тамыз күні қайтаруы тиіс болатын. Сол күні жұмысқа шықпаған, қарызды қайтару үшін ақша іздеген көрінеді. Ол Калинин ауылында тұрады. Менің ұлым сол ауылға кетіп, қайта оралмады", - дейді жоғалған жігіттің анасы.

Соңғы рет әйел ұлымен сол күні түнгі сағат 22:08-де телефон арқылы сөйлескен. Мұнан кейін Зинурдың телефоны сөніп қалыпты. Анасы Алатау аудандық ІІБ-не арыз жазып, қазір ұлын полицейлермен бірге іздеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары