$ 494.87  520.65  4.91

Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел есін жиды

Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел есін жиды деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Білімбай Хасен есін жиды, сөйлеп жатыр. Туыстары келіп қалуы тиіс. Әйелдің туыстарының іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама таратылғаннан кейін бір сағаттың ішінде Моңғолия мен Астанадағы туыстары бізбен хабарласты», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, СІМ мәліметінше, Білімбай Хасенді Қазақстанға әкетуге болады. Алайда бұл мәселе әйелдің туыстарымен бірлесіп шешілетін болады.

 Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестірді. Жол апаты түнгі уақытта Алтай Республикасындағы автожолда болған, шағын автобус аударылып қалды. Автобустағы 15 адам Моңғолия азаматтары болған, 12 адам зардап шеккен.

Istana шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, жол бойынан шығып, көлік аударылып қалған. Полицияның мәліметтері бойынша, жол апатының себебі тежегіштің істен шығуы болуы мүмкін.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары