07.08.2015, 03:32

Түркияда зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар

www.24.kz

Түркияда жол апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Антальядағы ҚР вице-консулы Нариман Мелдебеков хабарлады.

«Жол апатынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары  бар. Қазіргі кезде біз олардың санын анықтап жатырмыз», - деді ол. 

Бұған дейін хабарлағандай, Түркияда автобуспен болған жол-көлік оқиғасында кемінде төрт адам мерт болып, 40-қа жуығы жараланған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар арасында Ресей, Украина және Қазақстан азаматтары болған. Қаза болғандардың ұлты әзірге белгісіз.

ЖКО елдің оңтүстік-батысындағы Денизли қаласы маңында болған.