Қостанай ауданындағы «Мелиоратор» саяжай қоғамы аумағында орналасқан үйлердің бірі өртеніп, ішіндегі әйел тірідей жанып кетті деп жазады ng.kz.
«Жалын 40 шаршы метр аймаққа жайылған. Сағат таңғы 05.15-те өрт сөндіру басталып, 06.20-да аяқталды. Өрт болған жерден денесі күйіп кеткен 1985 жылғы әйелдің мәйіті табылды», - деді Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Жылыту пешін жағуда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу өрттің шығуына себеп болған.