07.08.2015, 08:51

Түркиядағы апат: 18 жастағы қазақ қыз қаза тапты

24.kz

Түкияда болған жол апаты  қазақстандық Аида Сарабаева қаза тапты. Бұл туралы марқұмның ата-анасы хабарлады.

 

Естеріңізге салайық, кеше Түркияда Памуккаледен шыққан көлік Денизли қаласының маңында аударылып қалған болатын. Туристік автобуста Қазақстанның 7 азаматы болған еді. Олардың алтауы Денизли қаласының ауруханаларына жеткізілді. 19 жастағы Аида Сарабаеваға іздестіру жарияланған еді. Айта кетейік, 6 тамызда Памуккале - Анталия тас жолында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, 27-сі жараланды. Автобуста Ресей, Қазақстан, Литва және Беларусь туристері отырған.

Кейін ҚР СІМ зардап шеккен қазақстандықтардың аты-жөнін атады. Ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында Түркияда жол апатына ұшыраған автобуста болған қазақстандық жеті азаматтың аты-жөні жазылған. Олар: Тұрғанбекова Шолпан (22.08.1989), Тұрғанбекова Тоғжан, (25.04.1993), Тлеубаева Айдын (14.07.1999), Тлеубаев Азамат (25.05.1992), Тлеубаева Гульнара (04.01.1966), Цолоева Зарина, (05.11.1993), Аида Сарабаева (21.09.1996).