$ 447.4  477.55  4.76

Қайрат Жамалиевтің тәркіленетін мүлкінің тізімі жария етілді

Қайрат Жамалиевке үкімді жариялау кезінде Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотының судьясы Ербол Рахымбеков кәсіпкерден тәркіленетін мүлкінің тізімін оқып берді, деп хабарлайды Today.kz.

“Қайрат Жамалиевке тиесілі мемлекет пайдасына PetroMunaiContract ЖШС-ның 50 пайызы, HOST ЖШС-ның 45 пайызы, “Империя Лото 2012″ ЖШС-ның 50 пайызы, “Паритет 2003″ ЖШС-ның 50 пайызы, ViLLeroy KZ ЖШС-ның 51 пайызы. Lexus LX 570, Mercedes Benz 500S, Lamborghini Gallardo автокөліктері; “Банк Центр кредит” АҚ-да сақталған ағымдағы қаржысы, сақталған есеп шоттары тәркіленеді” , – деді Ербол Рахымбеков.

Сондай-ақ, іс бойынша заттық айғақ ретінде өткен Vertu телефонын да мемлекет пайдасына өткізу туралы шешім шықты.

Мұның алдында сот шешімімен Жамалиевке тиесілі келесідей мүліктерге тыйым салуға санкция берілген: Lexus LX 570, Mercedes Benz, Lamborghini. Сонымен бірге жылжымайтын мүліктері: Астанадағы пәтер мен тұрғын үйіне, Астанада орналасқан бес ЖШС-дағы үлестеріне, 6 мамыр күні құрылтайшысы Жамалиев боп келетін Астанадағы “Паритет 2003″ ЖШС-на тіркелген пәтеріне және банктік есеп шоттарына тыйым салынды.

Кейінірек Астанадағы Иманов көшесіндегі пәтерден және PetroMunaiContract ЖШС, “Империя Лото 2012″ ЖШС, “Паритет 2003″ ЖШС, ViLLeroy KZ ЖШС, HOST ЖШС-ның банктік есептерінің шығына жұмсалатын бөліктерінен тыйым алынып тасталды. Мұны судья Жамалиев бұл мүліктердің жалғыз иесі болып келмейтіндігімен түсіндірді.

Іскер сондай-ақ, Jelsomino бутик-отельінің, “Артист” караоке – барының, Habibi және “Молоко” мейрамханаларының және “Паритет 2003″ ЖШС құрылыс компаниясының иесі болып келеді.

Белгілі болғандай, бүгін, 7 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты “Әліби ісі” бойынша үкім шығарды. Сот шешімі бойынша Қайрат Жамалиевтің мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Арман Әбілтаев мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

“Мемлекет пайдасына Әбілтаевтан Mercedes Benz 500S, Audi A8. Mia ЖШС-на тіркелген жымайтын мүлік тәркіленеді. Сотталушының әйелі тұрып жатқан Астанадағы екі пәтерге тыйым алынып тасталынсын”, – деген шешім шығарды сот.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары