#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Ақтөбеде мектеп түлегін өлтірді деген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Ақтөбеде мектеп түлегін өлтірді деген «Алтын Белгі» иегеріне қатысты сот отырысы өтті. Полиция қызметкерінің ұлы тамағына тиген пышақ соққысынан кейін қаза тапқан деп жазады «Актобе Таймс» басылымы.

31 тамызда осы іске қатысты алдын ала сот тыңдауы өткен. Сот отырысында күдікті К.Бекназға алқибилер алқасын пайдалану ұсынылды, алайда ол одан бас тартты. Сотталушының заңгері сот отырысында екі қыз бен сыныптастарын қылмыстық іс бойынша амбулаторлық картаға тіркеу арқылы шақыруды сұрады. Бекназ төбелес кезінде жарақат алғанын және мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісінен өзінің сипаттамаларын алып, әлеуметтік желіде соңғы рет кіммен сөйлескені, телефон жазбасын сот ісіне қосуды сұрады. 

Басылымның хабарлауынша, марқұмның әкесі Ақтөбенің полиция қызметкері болып жұмыс істейтіні сотта аталып өткен.  Басты сот отырысы 2018 жылдың 3 қыркүйегінде өтеді.  № 19 мектептің оқушысы Азат Дүсіпов 17 маусымда «Ақтөбе» - «Ордабасы» футбол ойынан кейін өлтірілген.

Азаттың достарының айтуынша, зардап шегуші де, күдікті де сол күні Орталық стадионда болған, алайда бірін-бірі танымаған. Екеуінің арасындағы кикілжің түнгі сағат он екіде Түрген көшесінің бойындағы жатақхана ғимаратының артында болған. Төбелес болған жерде бақылау камералары болмаған екен.

Тамаққа тиген пышақтан 17 жастағы мектеп түлегі Облыстық клинакалық балалар ауруханасында қайтыс болған. 

К.Бекназға туған күні 8 тамызда айып актісі тапсырылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, 9 және 14-тармақтары бойынша («Көрінеу кәмелетке толмаған адамды бұзақылық ниетпен өлтіру») айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары