$ 498.34  519.72  4.85

Заңсыз тасбақа тасымалы

Биыл мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек» бекетіндегі шекара наряды Өзбекстан Республикасынан еліміздің аумағына өтпек болған Daewoo «Матиз» автокөлігінен 2000 тасбақаны тауып, тәркілегендігі туралы хабарланған болатын.

2015 жылдың 10 тамызында, яғни бүгін,  таңғы 7 шамасында тағы да Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш» шекаралық бақылау (теміржол) бөлімінде «Келес-Сарыағаш» (Өзбекстан-Қазақстан) бағытындағы №52663754 пойызының жабық вагонынан «Император» атты ізшіл иттің көмегімен заңсыз тасымалданбақ болған 5 қап, жалпы саны 989 дана тасбақа, салмағы 130 кг болатын 7 қап түсті металл (мыс) анықталды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлады. 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары