$ 494.87  520.65  4.91

«Маған керегі – тезірек рингке жету мен жеңіс»: Альварес алдағы Головкинмен жекпе-жегі туралы айтты

Мексикалық боксшы Сапуль Альварес (49-1-2, 34 КО) жуырда БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде жыл басындағы допинг жағдайын қазақстандық Геннадий Головкин мен командасының тым көп сөз еткені туралы айтты. Дегенмен, мексикалық бұл сұраққа тура жауап бермеді деп жазады Vesti.kz.

«Тыңдаңыздаршы, оларға не керегін, осымен неге жетпегін білмеймін. Маған керегі – тезірек рингке жету мен жеңіс. Оны әрбір қателігі үшін жазалаймын. Оған деген құрметімнің жоғалғаны менің боксшы ретінде мықтырақ екенімді дәлелдеуге ынталандыра түсті», - деп мексикалық спортшының сөзін жариялады vRINGe.com. 

Оның айтуынша, допингке қарсы агенттік мамандары оған уақытын айтпай-ақ келе береді.

«Оның үстіне бұған келіскенмін, ешкім де міндеттемеген. Сәуірдің сол күнінен бастап олар 15-20 шақты рет келді, әлі де келеді. Дайынмын. Бұл бағдарламаға 2012 жылдан бері қатысып келемін десе де болады», - деп келтіреді Альварестің сөзін World Boxing News. 

Ал өзінің танымалдылығы мен Мексикадағы атағы тәртібіне жауаптылық арта ма деген сұраққа Сауль мұны мақұлдап, әрдайым сабырлы және тәртіпке бағынатынын айтып жауап берді.

«Канело» мен Головкиннің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта көрсетіледі). Тура бір жыл бұрын T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Ол кезде көптеген бокс жанкүйерлері мен шолушылар Головкин жеңіске жету керек болды деген ой айтқан. 

Дереккөз: BNews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары