04.09.2018, 03:15

Оралда сәби бесінші қабаттан құлап кетті

Оралда үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 1 қыркүйек күні 9-шағынауданда орын алды.

Бесінші қабаттан құлап түскен 2015 жылғы бала бас пен мидың ашық жарақатын алған.

«Қазіргі кезде бала қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Окулист, жақ-бет хирургі, реаниматологтың тарапынан кеңес берілген», - деді А.Сақпосынова.