04.09.2018, 09:18

Оралда 39 жастағы әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Оралда бүгін сағат таңғы 08.30 шамасында Шолохов және Тюленин көшелерінің қиылысында әйелді көлік қағып кетті деп жазады Мой город.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 5 минуттан кейін жетті. 1979 жылғы әйел соққыдан бассүйек-мидың жабық жарақатын алған. Шұғыл түрде Облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді», – деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.