$ 443.37  474.49  4.83

Алматыда әйел автобустың астына түсіп көз жұмды (ВИДЕО)

Алматыда жолақтан өтіп бара жатқан әйел автобустың астына түсіп, қайтыс болды деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputniknews.kz порталына.

Оқиға «Дорожник» ықшамауданына бұрылатын тұстағы Солтүстік айналма жолда болған.  Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуынша, жол бойында кетіп бара жатқан әйел бағдаршам жанында есінен танып, құлап қалыпты. Сол сәтте №135 автобус та Солтүстік айналма жолда келе жатқан. Әйелдің басы автобустың артқы  дөңгелегіне қыстырлып қалып, жүргізуші  тоқтап үлгермеген.

Соққыдан алған жарақатынан 1972 жылғы мүгедек әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары