06.09.2018, 03:15

Астана орталығында көлік өртеніп кетті

Елордада көлік қозғалтқышы жанып кетті деп хабарлайды ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Кеше кешке Республика даңғылы бойындағы жерасты жолында  жеңіл автокөліктің қозғалтқышы мен салоны жанып кетті. Жалынды сөндіруге ТЖ 11 қызметкері мен екі техникасы қатысты. Өрттен зардап шеккендер жоқ»,- деді Руслан Иманқұлов.

Оқиғаның себептері анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат