Полицейлердің мәліметінше, 31 тамызда зейнеткер Ресейден Қостанайдағы ұлын көруге келген. Алайда, оны қабылдамаған соң, қарт ана бейімдеу орталығына барған деп жазады alau.kz.
Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері әйелдің қайда екенін ғана емес, оқиғаның мән-жайын да анықтады.
«Әйел қазір қаладағы бейімдеу орталығында. Сондай-ақ, қызметкерлерге өзінің құқық қорғау органдарына бармағанын жеткізді», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бірнеше күн бұрын Калининград тұрғыны Ирина Полякова полицейлерге 83 жастағы анасының ұлын көруге Қостанайға кеткенін хабарлаған. Соңғы рет олар 2 қыркүйекте сөйлескен. Одан кейін хабарласа алмаған.