$ 482.86  533.17  5.08

Астанада ер адам шетелдік елшіге шабуыл жасауға дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлаған

Астана тұрғыны шетелдік дипломатқа шабуыл жасауға дайындық жайлы жалған хабарлама берген деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полиция өкілдеріне біреулердің шетелдік дипломатқа шабуыл жасауға дайындалып жатқаны жайлы жалған хабар жеткізген жергілікті тұрғынды ұстады.

Құқық қорғау органдарының өкілдері астаналық ер адамның мұны бұзақылықпен жасағанын айтады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары