Аша Матайдың анасы Бәтес Мақсатқызының кешегі туған күнінде түсірілген видеолар әлі таусылар емес. Жұрт таң атқалы бері енесімен ән айтқан Арман Қоңырбаевты жақтырмай, біраз әңгіме қып еді, енді Жолдыбаеваны «ішіп алған» деп сөгіп жатыр.
Кадрда Кәмшат Жолдыбаева продюсері Баян Алагөзованы ортаға шығарып ап билейді. Қып-қысқа көйлегімен жұлқына қозғалған әнші көпке жаға қоймады.
«Ішіп алған ғой», «Осы-ақ жалаңаштанады да жүреді екен. Ұяты жоқ», «Мына Аша қалып, енді шешесі шықты ма? Болмайтын тойды жарнамалап не көрінді?», – деп жазды желі қолданушылары.