$ 448.15  483.46  4.86

Атырауда балабақша кезегіне онлайн тұруға болады

Атырау тұрғындарына енді бүлдіршінді балабақшаға тіркеу және кезегін білу үшін ХҚО мен қалалық білім беру бөлімінде ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 5 қыркүйектен бастап Атырауда garden.atyrau.gov.kz сайты жұмыс істей бастады, мұнда онлайн режімде балабақшаны таңдауға, ол туралы толық ақпарат алуға, мектепке дейінгі мекемелерге кезегін қадағалауға, сондай-ақ SMS немесе e-mail - хабарлама арқылы кері байланыс алуға болады.

Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек Абдоловтың айтуынша, сайт ата-аналардың уақытын үнемдеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелін және қалалық білім бөлімі мамандарымен жеке байланыс жасауды болдырмауға көмектеседі.

«Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 42 мемлекеттік балабақшада 13 219 орын бар, оның 1141-і бос. Ата-аналар барлығы 24 925 арыз берген. Оның ішінде кезекте тұрғандар - 22 408, жеңілдік санатындағы азаматтар - 2 517», - деді Алмабек Дүйсенбайұлы.

Сонымен қатар, сайтта қаладағы барлық балабақшалардың толық тізімі, арыздардың кезегі, бос орындар бюллетені, алынған жолдамалардың жиынтығы орналастырылған. Ата-аналар үйден шықпай-ақ балабақшаға кезегін тексеріп, жолдама ала алады.Бұл жерде сондай-ақ жекеменшік балабақшалардың тізімі және олардағы орындар мен бос орындардың саны туралы ақпарат та орналастырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары