11.08.2015, 09:36

Қырғызстанда әскерге бармауға болады

www.azattyq.org

Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев толықтырулар енгізілген "Қырғызстан азаматтарының әскери міндеттері" заңына қол қойды, деп жазады азаттық радиосы.

Толықтыруларға сәйкес әскерге баруға, қару ұстауға тыйым салатын белгілі бір діни ұйымдарға мүше азаматтар мемлекет қазынасына ақша төлеп, әскерге барудан бас тарта алады.

​Олар мемлекеттік арнайы есеп шотқа 18-25 мың сом көлемінде ақша аударуы тиіс. 

Осыған дейін Қырғызстанда діни көзқарасына байланысты әскерге барудан бас тартқан бірнеше оқиға тіркелген.