$ 445.66  474.58  4.78

Сегізінші қабаттан құлаған салмақты мысық ер адамды ауруханадан бір-ақ шығарды

Италияда сегізінші қабаттан құлаған салмақты мысық ер адамның үстіне түсіп, оны ауруханадан бір-ақ шығарды. Енді жануардың иесі сотта жауап беруіне тура келеді деп жазады Lenta.kz.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Турин қаласында болған. Базар аралап жүрген 56 жастағы ер адамның үстіне күтпеген жерден мысық құлаған. 8-қабаттан құлаған жануар сол жерде өліп кетті. Ал тұрғынның мойын омыртқасы зақымданды.

Жануар иесі оқиғадан кейін мысығын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл төлеген. Жазаны азсынып отырған ер адам оны енді сотқа сүйремекші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары