Қызылордалық полицей қыз бен жігіттің төбелесі жанынан түк болмағандай өтіп кетті. Видео әлеуметтік желідегі түрлі топтарда жарияланған.
Кадрда қыз бен жігіт бір-бірін жұлқылап жатыр. Қыздың құрбысы болса керек, бір бойжеткен оларды ажырата алмай әлек. Қызығы сол, оқиғаға куәгер болған полицей жандарынан түк болмағандай өтіп кетеді.