$ 448.81  476.82  4.77

Алматыдағы Назарбаев даңғылы жабылады

Алматыда Назарбаев даңғылы қатарынан бес түнге жабылады деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Назарбаев даңғылында жүргізілетін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты әл-Фараби даңғылы мен Қажымұқан көшелерінің аралығында 9-14 қыркүйек түнде көлік қозғалысы тоқтатылады», - деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Алматыдағы қайта жөнделген көшелерді көріп шықты. Олардың арасында осы Назарбаев даңғылы бар.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары