Ақмола облысында әкесі 2 жасар сәбиін абайсызда басып кетті. Бала жансақтау бөлімінде көз жұмды деп жазады Sputnik Қазақстан.
Оқиға 6 қыркүйек күні Есіл қаласында болған. 1985 жылғы азамат үйінің ауласында Volkswagen автокөлігімен туған ұлын қағып кеткен.
2005 жылы туған бала жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәбидің мүрдесі сараптамаға жіберілді.