09.09.2018, 08:36

Қостанай тұрғыны пәтерді жезөкшелер мекеніне айналдырған

Қостанай тұрғыны Қарбышева көшесіндегі үйдің бірінде притон ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан деп жазады Аlau.kz.

«4 қыркүйекте полиция қызметкерлерінің тексеру жүргізу кезінде 43 жастағы әйел ұсталды. Ол Қарбышева көшесіндегі үйлердің притон ұйымдастырған», – деді ІІД баспасөз қызметі.

Әйел қылмысын мойындады.

Қазіргі уақытта аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күтіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.