$ 498.34  519.72  4.85

«Қызтекесің бе?»: Боянып алған Дәурен Айдарқұлов жұрттың ашуына тиді

Ақ көйлек киіп, ұзатылмаса да, Құдай алдында некелерін қиып, Айдарқұловқа ұл тауып беріп отырған Ақбота Сейітмағамбет желіге күйеуінің боянған суретін жариялады. Жарына кірпік жабыстыртып, make up жасатқан актерді жұрт ғайбаттап жатыр.

«Өзім боянбасам да, Дауренді әрлейін деп шештім. Теріс пікір жазатындар үшін айтарым, бұл түсірілім. Қалай былай? Кім әдемірек?», – деп жазып Ақбота Дәуреннің ернін қызатып тұрып түскен суретін жүктеп қойған.

Желі қолданушылары түсірілім болса да, Айдарқұловтан ер адамға лайық болуын сұрап жатыр.

«Не болды сонша, әйеліңнің бар айтқанын істетіп? Еркек болсаңшы», «Мынауың енді тым ұят екен. Қызтекесің бе әлде? Жігіт болсаң мынаны істетпеуші ең. Өзіңді масқарап не көрінді?», - деп жазды олар.

Айта кетейік, Айдарқұлов пен Сейітмағамбет «Гламур для дур» фильмі арқылы танысқан. Ортақ некелерінен 1 ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары