Алматыда кеше түнде Райымбек даңғылындағы «Алтын Орда» базарының жанында ер адамды көлік қағып өлтірді деп жазады Sputniknews.kz.
Көптеген оқиға куәгерінің сөзіне сүйенсек, Toyota Rav 4 Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқанда, базар маңында ер адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болады.
Жүргізуші тоқтап үлгермей, жаяу жүргіншіні қатты жылдамдықпен қақты. Содан соң Toyota бірден тоқтаған, алайда сол кезде оған, болжам бойынша, Subaru көлігі соғылыпты. Екінші көлік оқиға орнынан қашып кетті.
40-45 жастағы ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Полиция қаза тапқан адамның кім екенін анықтауы тиіс әрі оқиғаның мән-жайын тергейді.