11.09.2018, 05:52

Атжалман семейлік әйелдің ернін жеп қоя жаздады

47 жастағы Семей тұрғыны атжалманның құрбанына айнала жаздады. Ол ұйықтап жатқанда атжалман шабуыл жасаған деп хабарлайды «Хабар-24».

Атжалман әйелдің астыңғы ернін тістеп алыпты. Мұны көрген туыстары бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер әйелді тексеріп, қажетті көмек көрсетті. Сондай-ақ, алған жарақатына керек дәрі-дәрмектер жазып берген.