Оралда травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады деп жазады Мой ГОРОД порталы.
Облыстық клиникалық аурухананың дәрігері Ғалымжан Рамазанов 10 қыркүйекте өз үйінде асылып қалған.
«10 қыркүйек күні сағат 21:30-да қаладағы танымал травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады», – дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Өте өкінішті. Иманды болсын», - деп көңіл айтқан.