Жаңалықтар 12.09.2018 сағат 08:35

Желіде Ақмола облысында көлік сүйреген 6 жасар баланың видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Ақмола облысында Бекмансұр есімді 6 жасар бала автокөлікті 20 метрге дейін сүйреген. Осынау сәттегі видеоны Әмір Махмет есімді Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы өзінің парақшасына бөліскен.

Желіде Ақмола облысында көлік сүйреген 6 жасар баланың видеосы жарияланды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Видео «Денсаулық күніне» орай ұйымдастырылған шарада түсіріліпті.

«Қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған жерінде 6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метр қашықтыққа тартып, рекорд орнатты. Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр.

Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе! Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан атамыздай балуан бол! Аллам өзіңді қолдасын!», – деп жазба қалдырған ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар