$ 448.89  477.93  4.76

3 адам ажал құшты: Қарағанды облысында жол апаты болды

Қарағанды облысында жол апаты боп, 3 адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға 10 қыркүйек күні болған.

«42 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолға шығып кеткен. Сөйтіп, өз жолымен келе жатқан Volkswagen Passat автокөлігіне соққан. Ондағы жүргізуші мен 2 жолаушы сол жерде мерт болды. Ал Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлайды жергілікті ІІД баспасөз қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Дереккөз: Liter.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары