Назарбаев университетінің студенті қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша үшінші курс студенті өз өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды ҚР ІІМ өкілдері.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
«Назарбаев Университетінде» үшінші курста оқитын жігіттің қайтыс болу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады. Алдын ала мәлімет бойынша, студент өз өзіне қол жұмсаған. Яғни криминалды ештеңе жоқ», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Дереккөз: Tengrinews.kz