$ 494.87  520.65  4.91

Дәрігерлер Қарағандыда менингит жұқтырған 6-сынып оқушысының жағдайы туралы айтты

Қарағандыда 6-сынып оқушысынан менингит анықтылды. Сабақта қызуы көтеріліп, басы айналған жеткіншек бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды деп хабарлайды «КТК» арнасы.

Баланың қазіргі жағдайы жақсарған дейді дәрігерлер. Айтуларынша одан анықталған серозды менингит дер кезінде дәрігер қараса қауіп әкелмейді.

Оқушының қасында жүргендерден дерт анықталмаған.

Бірақ, ауа және су арқылы жұғатын осы дертке бола, заң бойынша мектептерде карантин жарияланбайды екен. Сондықтан, дәрігерлер баланың денсаулығына ең алдымен ата-ананың көңіл бөлуін еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары