Жаңалықтар 14.09.2018 сағат 03:42  1000

«Маған осылай ұнайды»: Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Алтынай Жорабаеваны тыңдармандары көбіне «кең көйлек киесіз» деп жиі сынап жатады. Бірақ әнші олардың бұл сөзінен әбден шаршаса керек «менің стилімді өзгерпей-ақ қойыңыздар» деп өзіне осы стилі ұнайтынын айтты.

«Маған осылай ұнайды»: Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Маған көбінесе «стиліңізді ауыстырыңыз, стилистіңізді ауыстырыңыз, мынадай көйлек болмайды» деп жазып жатады. Мен өзгертпеймін, маған ұнайды. Өйткені қазір мынадай кең киімдер енді ғана трендке кіріп жатыр. Бірақ мен осыдан 9-10 жыл бұрын велюрдан көйлек, шапан киіп жүрген кезде бәрі «осы сөлбіретіп бірдеңе киіп алады» деп айтатын. Қарап отырсаңыз, қазіргі дизайнерлердің түгелі дерлік велюрдан киім тігеді, кең киімдер, шапан тігеді. Сондықтан мен өзгертпеймін. Өйткені менің Мансиямның фантазиясы «космический». Үстімде де шапан, бұл шапанға 8 жыл болды, әлі сол күйі тастамай киюге болады. Менің стилімді өзгертпей-ақ қойыңыздаршы, маған осылай ұнайды», – деді әнші өзінің Instagram-парақшасында. 

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева бұған дейін күйеуі Сәбит Әбдіқалықовтың қыздарына мүлде қарайласпайтынын, тіпті перзенттерін көргісі де келмейтінін айтқан болатын. Екеуінің ортақ некесінен бүгінде 4 қыз бала бар.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар