Жаңалықтар 14.09.2018 сағат 06:01  575

Дәрігерлер 26 жастағы жігіттің миынан құрт алып шықты

Қытайдың Наньчан қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы эпилепсия талмасынан зардап шеккен. Дәрігерлер оның себебін таба алмаған деп жазады Sputniknews.kz.

Дәрігерлер 26 жастағы жігіттің миынан құрт алып шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

26 жастағы ер адам Цзянсу провинциясындағы орталық ауруханаға жіберілді. Талдау қорытындысы бойынша жігіттің ағзасында Spirometra mansoni құрты өмір сүретіні белгілі болды.

Дәрігерлер құрт науқастың миында екенін анықтады. Паразитті операция арқылы шығаруға шешім қабылданды. Хирургтер адамның басынан құртты шығарғаннан кейін паразит өмір сүруін жалғастырып, шыны түтікте жүзген.

Дәрігерлердің болжауынша, жігіттің қанында шала қуырылған етті жегеннен кейін құрттың жұмыртқасы пайда болған. Айтпақшы, бұл оның сүйіп жейтін асы екен. Осылайша, жұмыртқа немесе дернәсіл ішек қабырғасы арқылы қанағымына еніп, алдымен бауырға түседі, содан кейін барлық ағзаға таралған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар