$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіттер айыппұл төлемейтін болды

Астана қалалық соты нөсер жауында қайықпен жүзген екі жігітке айыппұл салу туралы шешімнің күшін жойды деп жазады Sputniknews.kz.

Нөсер жауында Астана көшелерінде қайықпен жүзген Жандос Сәдібек пен Дмитрий Кирилловке қатысты іс өндірісі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтады.

Сот отырысы барысында адвокат Сергей Сизинцев Жандос пен Дмитрийге салынған айыппұл негізсіз екенін, олардың әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық жоқ екенін айтып, қаулының күшін жоюды сұрады. Қорғаушының айтқандарымен прокурор да келісті. 

«Сол күні қайық біздің көлігімізде болған. Айнала бәрі су болған соң, қайықпен жүзіп көрейік деп шештік. Бұл жай ғана әзіл болатын, ешқандай жаман ойымыз болған жоқ», – деді Дмитрий Кириллов. 

Ал Жандос Сәдібек үшін бүгін тіпті ерекше күн. Оның бүгін туған күні екен. 

«Әділдік орнағанына өте қуаныштымын. Туған күніме жаман сый болмаған сияқты. Іс осылай аяқталады деп күткен жоқпын»,- дейді Жандос. 

Екі жігіт те бұдан кейін Астана көшелерінде қайықпен жүзбейміз деп отыр. 

«Мұндай жағдай қайталанбайтыны анық. Ешкімге қызық емес те шығар. Мүмкін, басқа бір нәрсе ойлап табармыз, бірақ алдымен адвокатпен ақылдасамыз», – деп күлді Жандос.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары