Жаңалықтар 14.09.2018 сағат 08:44  313

Алматыда екі автокөлік өртенді

Алматыда «Сузуки витара» және «Мерседес бенц» автокөліктері өртенді деп жазады ҚазАқпарат.

Алматыда екі автокөлік өртенді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«14 қыркүйек күні сағат  12.49-да ТЖД «101» пультіне автокөліктердің өртенгені туралы хабар түсті. Өрт  Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла ықшамауданы, Қыдырбеков көшесіндегі  «Самай» жеке мектебінің жанында болған. Алғашқы өрт сөндіру техникасы оқиға орнына сағат 13.01 жетті. «Сузуки витара» мен «Мерседес бенц» автокөліктерінің өртенгені анықталды», – деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сағат 13.05-те ауыздықталып, 13.09-де толықтай өшірілді.  Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған.  Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар